7 мамыр – Отан қорғаушылар күн» мерекесі Шиелі ауданында өз жалғасын тапты.
Ұйымдастырылған шара барысында аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев сөз алып, аталмыш мереке Отанды қадірлейтін, оның тарихын құрметтейтін, айбынды армияның атағын асқақтатқан нағыз ерлердің мерекесі екенін айта өтіп, жиылған жұртшылықты бүгінгі мерекемен құттықтады.
Шара аясында отты жылдардың ардагерлері мен ауданның әлеуметтік дамуына үлес қосып келе жатқан азаматтар марапатталды.