0
ҚЫЗЫЛОРДАДА САЯЖАЙ ТҮЙТКІЛДЕРІ ШЕШІЛЕДІ
Қаланың бас жоспарына түзетулер енгізу барысында, 1 мың 360 гектар жер телімдерін резервке алу қарастырылған.Бас жоспардағы өзгерістердің ең маңыздысы, қала маңындағы «Сабалақ», «Эдельвейс», «Болашақ», «Орбита» саяжайлары қала аумағына енгізілді.
Бұған дейін, осы елді мекен тұрғындарының жол, ауыз су және жарық туралы көтерген мәселелерін шешу қолданыстағы заң талаптарына сәйкес мүмкін болмады.
Ендігі ретте, аталған жер телімдері облыс орталығы құрамына енгізу арқылы тиісті қаржы бөлініп, инженерлік инфрақұрылымын дамытуға мүмкіндік туады.