Бүгін Қызылорда қаласы, Бейбітшілік және Дүйсенов көшелерінің қиылысында тұрғындарға тауарлардың 300-ден аса түрін қолжетімді бағада ұсынатын "Әлеуметтік Маркет" ашылды.
Кәсіпкерлік нысанның аумағы 450 шаршы метрд2 құрайды, әрі 13 адамды жаңа тұрақты жұмыспен қамтып отыр.
Айта кету керек, Қызылорда қаласының аумағында «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы «Ұлттық компаниясы» АҚ, «Алтын қамба» агроөнеркәсіп комбинаты ЖШС қолдауымен 30 әлеуметтік дүкендер халыққа қызмет көрсетуде.