Бүгін Шиелі ауданы Бестам ауылдық округі әкімі Ғ. Ыханов ауыл тұрғындарына есеп берді.
Есепті кездесуде өткен жыл атқарылған жұмыстар жайы баяндалып, алдағы міндеттер сараланды.
Былтыр аудандық бюджеттен 9 млн теңге қаржы бөлініп, М. Әуезов көшесінің 700 метрі асфальтталды. Тағы 5 млн. 200 мың теңгеге Ә.Әбуов көшесіне тас төсеу жұмыстары жүргізілді.