Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚАЛА ӘКІМІ БЕЛКӨЛ МЕН ТАСБӨГЕТ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚАЛА ӘКІМІ БЕЛКӨЛ МЕН ТАСБӨГЕТ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІҚызылорда қаласының әкімі Н. Нәлібаев Белкөл және Тасбөгет кентіде халық алдындағы есепті кездесуі өтті.
Биылғы есепті кездесудің ерекшелігі қала әкімі және кент, ауылдық округ әкімдерімен қатар жергілікті полиция инспекторлары да халық алдында есептерін беруде. Қала әкімі есепті кездесу барысында, өткен 2015 жылғы қала көлемінде атқарылған жұмыстар мен алдағы мақсат-міндеттер туралы баяндады.
Кент тұрғындарының сұрақтарына жауап беріліп, көтерілген мәселелер бойынша тиісті сала басшыларына тапсырмалар берілді.
- Бүгін осында келіп, алтын уақыттарыңызды бөліп алдымыздағы ауқымды істер аясында келелі кеңес құрып ой бөліспек ниеттеріңіз үшін шынайы ризашылығымды білдіремін. «Келісті киім тозбайды, кеңесті ел азбайды» деген халық даналығы. Кез келген мәселені ашық талқыға салып, кәсіпқойлық тұрғыдан талдап, таразылап, жедел шешімін таба білсек, талай белестерді бағындырарымыз анық, - деді қала әкімі Н. Нәлібаев.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: