Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

АС ТҰЗЫ ТЕРЕҢДЕТІЛЕ ӨНДІРІЛЕДІ


Қызылорда қаласында қолға алынған жобаның бірі – «BSK Қаратау» ЖШС-нің «Ас тұзын терең өндіру зауыты құрылысына» жобасы.
Жоба құны 1,5 млрд. теңге, қуаттылығы бірінші кезекте 100 мың тонна ас тұзы, 200 мың тонна техникалық тұз, екінші кезекте 300 мың тонна ас тұзы және 300 мың тонна техникалық тұз өндіру жоспарлануда. Жоба аясында құрылыс кезеңінде 50 адам жұмыспен қамтылса, жоба толық іске қосылған уақытта 300 тұрақты жаңа жұмыс орындары ашылады деп күтілуде.
Қазіргі таңда жоба бастамашысы жер учаскесін рәсімдеу жұмыстарын аяқтап, инженерлік инфрақұрылым жеткізу үшін тиісті техникалық шарттарын алып, жобалау жұмыстарын жүргізуде.
Осы ретте, жоба бастамашы тарапынан жобалау жұмыстарына шамамен 112 000 000 теңгеге келісім жасалынды.Аталған келісімдер аясында бүгінгі күнге дейін 42 600 000 теңге қаржы игерілді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: