Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада 10 инвестициялық жоба іске қосылады

Қызылордада 10 инвестициялық жоба іске қосыладыҚызылорда қаласында шағын және орта бизнесті дамыту мақсатындағы қабылданған  «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында жалпы құны 4 млрд. 900 млн теңгені құрайтын 64 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Бұл облыс бойынша жобалардың 85 пайызын құрайды.
Ел өндірісін жолға қойған  индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы бір қатар игілікті жұмыстардың бастауына айналды. 
«Өткен жылы бағдарлама аясында құны 1 млрд. 55 млн теңгені құрайтын 5 жоба іске қосылып, жаңадан 105 жаңа жұмыс орны ашылды. Өнеркәсіптің өңдеуші саласын дамытуға бағытталған бұл бағдарлама бойынша биылғы жылы 10 инвестициялық жоба іске қосылып, 472 адамды жаңа жұмыс орнымен қамту жоспарлануда» - дейді қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: