Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Арал ауданында 60 жастағы азамат көлігімен суға батып кетті

10 қаңтар күні 11 сағат 48 минутта Қызылорда облысы, Арал ауданы Ақеспе елді мекенінен 20-25 шақырым жерде орналасқан Шөмішкөл балық аулау учаскесінде кіші теңізге Арал қаласының тұрғыны 1963 жылғы азамат  Уаз автокөлігімен суға батып кеткендігі жөнінде хабарлама түсті. 

Сурет ашық дереккөзден

Шақырту бойынша іздестіру жұмыстарына Арал ауданы, Қамыстыбас елді мекеніндегі жедел-құтқару жасағы бөлімшесінен 4 құтқарушы, үрлемелі моторлы қайық пен және 3 жиынтық сүңгуір   құрал- жабдықтарымен оқиға орнына жетті.  Теңіз жағасынан шамамен 7 шақырым болатын оқиға орнындағы мұз қалыңдығы шамамен 35 см, су терендігі шамамен 14 метр екені анықталды.  Ауа райының қолайсыздығына байланысты Іздестіру жұмыстары 2023 жылдың 11 қаңтар күні басталды. Іздестіру жұмыстарының нәтижесінде қалың мұз сүңгуірлер іздестіру жұмыстарына  арналған майна дайындалып, бірнеше мәрте су асты іздестіру нәтижесінде теңіз табанында лайлы батпақ кедергі келтіріп, оған қарамастан құтқарушылардың кәсіби іздестіру жұмыстарының нәтижесінде 14 метр тереңдіктен уаз автокөлігі табылды. Алайда су атындағы көлік ішінде адам табылмады. Бүгінде жедел құтқару жасағының сүңгуірлері іздестіруді жалғастыруда. Сонымен қатар Қызылорда қаласынан Арал ауданына көмекке 1 Камаз 5 құтқарушы және Шымкент қаласының 2 құтқарушысы  жұмылдырылып, арнайы  су асты іздестіру жұмыстарына қажетті  “ Эхолот” құралымен аттанды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: