Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ЖЕМІСТІ ЕҢБЕК ЕТКЕН АЗАМАТТАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

 

Қала әкімдігінің мәжіліс залында қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен кадрлық өзгерістерге байланысты қала активінің отырысы болып өтті.
Актив отырысында 2016 жылдың 21 маусымынан бастап бұған дейін қалалық қаржы бөлімінің басшысы қызметін атқарып келген Жұматов Айдарбек Әжібекұлын зейнеткерлік жасына келуіне байланысты құрмет демалысына шығарып салды.
Еңбек жолын қарапайым маман ретінде бастап, аудандық және қалалық қаржы салаларын басқарған Айдарбек Әжібекұлы осы салада 40 жылдан аса уақыт табысты жұмыс атқарды. 
Соның ішінде 2009 жылдан бастап қалалық қаржы бөлімінің басшысы қызметінде жүріп қаламыздың қаржы және экономика салаларының дамуына өз үлесін қосты. Осы еселі еңбектерін бағалай келе, қаламыздың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен өңіріміздің өсіп-өркендеуіне қосқан үлесі және абыройлы еңбегі үшін Жұматов Айдарбек Әжібекұлы «Құрмет» грамотасымен марапатталды.
Мұнан бөлек, 2016 жылғы 31 мамырдан бастап бұған дейін қала әкімінің орынбасары қызметін атқарып келген Қайруллаев Айдын Бөкенбайұлы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен және облыс әкімінің өкімімен облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы қызметіне, қала әкімінің кеңесшісі қызметін атқарған Қордабай Нұрғали Рахымшаұлы облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары қызметіне, қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы қызметін атқарып келген Ерсұлтанов Әділбек Бөрібайұлы 2016 жылғы 16 маусымнан бастап «Нұр Отан» партиясының Қызылорда облыстық филиалы төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалған болатын.
Актив жиынында қала әкімі Н.Нәлібаев: «Өздеріңіз де жақсы білесіздер, бұған дейін де қала әкімдігінде жауапты қызметтерде болған азаматтарымыз, облыс көлемінде түрлі басшылық қызметтерде, өңірімізді дамыту жолында табысты еңбек етуде. Бүгінде сол азаматтардың бірі аудан басқарып, бірі облыстық басқармалардың басшысы қызметтерін абыройлы атқарып отыр.
Бұл аймақ басшысының қала әкімдігінің жұмысына берген бағасы және біздің ұжымға деген мол сенімінің көрінісі деп бағалаймын.
Сондықтан жаңа қызметке тағайындалған азаматтар елдің сенімін ақтап, сол жолда аянбай қызмет жасайтындарыңызға сенемін» - дей келе, жаңа қызметке тағайындалған азаматтарға сәттілік тілеп, арнайы алғыс хаттармен марапаттады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: