Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Шардара су қоймасынан вегетация кезеңінде секундына 500 текше метр су жіберілмек

Сырдария өзенінің төменгі ағысына секундына 200 текше метр су жіберілуде. Бүгінде Шардара су қоймасында жинақталған су көлемі – 5 млрд.текше метрді құраса, Көксарай су реттегіш қоймасында - 783 млн.текше метр су жиналды. Қазіргі таңда 21 каналды тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. 


Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Бауыржан Шәменов хабарлады.
-Биыл жалпы ұзындығы 1 034 шақырымды құрайтын 162 каналды тазалау, 156 дана насос қондырғыларын сатып алу және 322 дана гидротехникалық құрылыстарды жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар осы жылы облыстық бюджеттің есебінен Келінтөбе магистралды каналының жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленеді. Облыстағы бірнеше аудандардың каналдарында тазалау жұмыстары жүргізіліп, елді мекендерге 23 насос қондырғысы жеткізіледі, - деді басқарма басшысы Бауыржан Шәменов.
Облыс төңірегінен секундына - 450 текше метр су өтуде. 16 сәуірден бастап Көксарай су реттегішінен 200 текше метр су босатылады.
-Қызылорда су торабынан - 382 текше метр, Әйтек су торабынан - 259 текше метр су өтуде. Алдағы уақытта вегетация кезеніңде Шардара су қоймасынан секундына - 500 текше метр су жіберіледі деген болжам бар, - деді «Арал-Сырдария» бассейіндік инспекциясының су пайдалануды басқару мен реттеу бөлімінің басшысы. 
-Су тапшылығының алдын алу мақсатында вегетация кезеңіне дейін ұзындығы 50,1 шақырымды құрайтын 9 каналға механикалық тазарту жұмыстары межеленген болатын. Қазіргі уақытта 6 каналды тазалау жұмыстары толық аяқталды. Вегетация кезеңінде Шардара су қоймасынан болжамды түсетін 2,3 млрд.текше суды  есепке ала отырып, осы жылға арналған су пайдалану лимитін белгіледік. Үкіметтің резерві есебінен облыс бойынша республикалық меншіктегі 17 каналға механикалық тазарту жұмыстары жоспарланды, - деді «Қазсушар» РМК Қызылорда облыстық филиалы директорының орынбасары Жорабек Ерназаров.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: