Facebook VK WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚЫЗЫЛОРДАДАҒЫ 6 КОЛЛЕДЖ ЖҰМЫСЫН ТОҚТАТТЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДАҒЫ 6 КОЛЛЕДЖ ЖҰМЫСЫН ТОҚТАТТЫҚызылорда облыстық білім саласындағы бақылау департаменті 6 колледждің қызметін тоқтатып, бірнеше мектепті мемлекеттік аттестаттаудан өткізбей қойды. 
«Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының тілшісі хабарлағандай, одан бөлек төртінші және тоғызыншы сынып оқушыларын сырттай бақылаған мамандар білім деңгейінің төмен екенін анықтады. Тексеру нәтижесінде білім саласында біраз былықтың бетін ашты. Мәселен, материалдық-техникалық базасы жабдықталмаған, білікті мамандары жоқ 6 колледж жұмысын тоқтатса, Шиелі ауданында үш бірдей мектеп мемлекеттік аттестаттаудан өте алмаған.
Кейбір мектептерде оқу кабинеттері жетіспесе, енді бірінде химия, биология, физика пәндері бойынша арнайы құрал-жабдықтар мен зертханалар жоқ. Тіпті, өз мамандығына сәйкес келмейтін пәндерден де сабақ беріп жүрген педагогтар кездеседі.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: