Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

БАС ПРОКУРАТУРА ПЕДОФИЛИЯ ОҚИҒАЛАРЫ КӨП ТІРКЕЛГЕН ӨҢІРЛЕРДІ АТАДЫ

БАС ПРОКУРАТУРА ПЕДОФИЛИЯ ОҚИҒАЛАРЫ КӨП ТІРКЕЛГЕН ӨҢІРЛЕРДІ АТАДЫ

 

ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты сексуалдық қылмыстар Астанада және Алматы, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында көбейгендігін хабарлады. Бұл жөнінде ҚазАқпарат мәлім етті.
«Кәмелеттік жасқа толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстармен күрес комитетінің мәліметтері бойынша, 2016 жылдың 8 айында 232 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген. Аталмыш көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда, 12,5 пайызға аз. 2015 жылы 8 ай ішінде 265 оқиға тіркелген. Облыстар бойынша қарайтын болсақ, Қарағанды, Алматы, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты сексуалдық зорлық-зомбылық оқиғалары көп тіркелген.
Былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, мұндай фактілер Астанада және Алматы, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында көбейе түскен», - делінген комитеттің «ҚазАқпарат» агенттігінің ресми сауалына берген жауабында.
Ведомствоның атап өткеніндей, кәмелеттік жасқа толмағандарға сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық көрсеткендерге қатысты химиялық кастрация жасау мәселесіне келетін болсақ, аталмыш норма «Балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша кейбір заңнамаларға өзгерістер мен түзетулер енгізу туралы заң» бойынша 2018 жылы 1 қаңтарда заңдық күшіне енеді.
Сонымен қатар елімізде ағымдағы жылдың басынан бері кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдарды есепке алу және олар туралы мәліметтерді жариялау енгізілді.
Бұл мәліметтер Комитеттің порталында қылмыскерлер туралы деректер (фото, Т.А.Ә., туған күні, тұрғылықты мекен-жайы және соттылығы туралы мәліметтер) көрсетілетін электрондық карта түріндегі «Геоақпараттық жүйелер» бөлімінде қолжетімді. Осы ақпарат сізге өзіңізді және балаларыңызды ықтимал қауіптен қорғауға көмектеседі.

БАС ПРОКУРАТУРА ПЕДОФИЛИЯ ОҚИҒАЛАРЫ КӨП ТІРКЕЛГЕН ӨҢІРЛЕРДІ АТАДЫ

 


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: