«Колониядағыларды жұмыспен қамту-2017» жобасын іске асыру мақсатында Сыр өңірінде бірқатар іс-шаралар қолға алыып жатыр.
Қызылорда облысының түзеу мекемелерінде 727 сотталған азамат жаза мерзімін өтеуде. Осы ретте қазіргі күні жаза мерзімін өтеуші сотталған азаматтардың 79 пайызы ақылы еңбекпен қамтамасыз етілді. ЗК-169/5 мекемесінде жаңадан кірпіш күйдіру зауыты ашылды. Құрлыс материал шығаратын цехқа 31 адам жұмысқа орналастырылды. Түзеу мекемесінде кәсіпкерлерді көптеп тарту нәтижесінде жұмыспен қамтылғандар саны күн санап артып келеді. Қазіргі таңда 9 жеке кәсіпкерлер жұмыс жасауда. Атап айтқанда тігін, мүсін жасау, темір бұйымдарын дәнекерлеу және ірі көлемді кесек құятын өндірістік құрылымдар жұмыс жасайды.
Мұнда қатаң күзетілетін аймақта орналасқан ғимараттар тегін беріледі және арзан жұмыс күші жеткілікті. Сондықтан түзеу мекемесінде өндірістік нысан ашу кәсіпкерлер үшін тиімді. Жазасын өтеушілер өз жалақысы есебінен мемлекетке немесе жеке тұлғалар алдындағы қарызын қайтара алады. Ал бұл жағдайда олардың жазасы жеңіл түрге ауыстырылып, бостандыққа шығу мерзімі жақындай түседі.