Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

«Алтын сапаның» қызылордалық иегерлері қызмет ауқымын кеңейтеді 

Нұр-Сұлтан қаласында өткен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі «Парыз» республикалық конкурсы мен ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын иеленген қызылордалық кәсіпкерлер Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясына қатысып, журналистермен қуанышты сәттерін бөлісті. 


Биылғы конкурста «Абай Дәулет» ЖШС және «Алтын Орда» ЖШС «Алтын сапа» сыйлығының лауреаттары атанды.
«Абай-Дәулет» ЖШС «Азық-түлік тауарларын және ауылшаруашылық өнім шығаратын үздік кәсіпорын» номинациясында үздік атанды. Компания директоры Мұрат Сәрсенбаевтың айтуынша, 2019 жылы «Іскер номинациясын» алса, биыл міне «Алтын сапаға» қол жеткізген. 
Компания өз жұмысында Сапа менеджменті жүйесіне, Тамақ өнімдері қауіпсіздігі менеджментіне сәйкестік сертификаттарын басшылыққа алады және осы стандарттардың барлық сапалық талаптарын орындап келеді. «SYR DANI» брендімен күріш жармасы ел ішінде жоғары сұранысқа ие және Ресей, Өзбекстан, Моңғолия, Украина, Тәжікстан елдеріне экспортталады. 
«Алтын орда» ЖШС-гі де «Халыққа арналған тауарларды шығаратын үздік кәсіпорын» номинациясында «Шағын кәсіпкерлік субъектісі» санатында «Алтын Сапа» сыйлығын алды. 
«Мекеме 1997 жылы ашылды. 2016 жылы ас тұзын өндіретін желі сатып алдық, сол жылдан бастап нарыққа «Ассоль» және «Сафия» брендтерімен йодталған ас тұзы өндіріліп, сатылымға шықты. Шет елдерге экспортталуда. Биыл соңғы технологияларға сай үлкен тұз өндіретін зауыт салынды. Қуаттылығы өте жоғары, соған орай әлі де нарықта жақсы жұмыс жасайтынымызға сенеміз және тұтынушыларымызға қол жетімді бағамен жоғары сапалы өнімдер ұсынамыз», - деді «Алтын Орда» ЖШС директорының орынбасары Абзал Қанатұлы.
Ал, «Еңбекті қорғау жөніндегі үздік кәсіпорын» номинациясы бойынша қызылордалық «KAP Technology» ЖШС «Парыз» сыйлығының күміс мүсінімен марапатталды. 
«KAP Technology» ЖШС-нің негізгі қызметі кәсіпорынның бизнес-процестеріне заманауи технологияларды енгізе отырып, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ холдингінің негізгі қызметін автоматтандыру, роботтандыру және цифрландыру болып табылады. Серіктестік құрамында Нұр-Сұлтан, Алматы, Өскемен қалаларында және Таукент, Қыземшек, Шиелі елді мекендерінде орналасқан алты аумақтық бөлімше бар.
«KAP Technology» ЖШС Шиелі бөлімшесінің бастығы Диларам Құрманаеваның айтуынша, серіктестік өзі орналасқан елді мекендерде жеке тұлғаларға қызмет көрсетумен айналысады. Яғни, телефон байланысы, интернет желісіне қолжетімділік және ID TV қызметі.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: