Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

25 ЖЫЛДА СЫР ӨҢІРІНДЕ 307 БІЛІМ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ НЫСАНДАРЫ САЛЫНДЫ

25 ЖЫЛДА СЫР ӨҢІРІНДЕ 307 БІЛІМ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ НЫСАНДАРЫ САЛЫНДЫ

 

Тәуелсіздіктің 25 жылында 109 денсаулық сақтау, 198 білім беру нысандары салынды.
Бұл туралы Қазақстанның Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімінің орынбасары Р. Рүстемов мәлімдеді.
Облыс халқының 95 пайызына орталықтандырылған ауыз су жүйесі жеткізілді. Ғаламдық экологиялық апатты жеңудегі, Арал теңізінің қазақстандық бөлігін қалпына келтіруге қосқан зор үлесі үшін Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа Арал қаласында ескерткіш орнату туралы Арал аудандық Қоғамдық кеңесінің ұйғарымы облыстық мәслихат сессиясында бірауыздан мақұлданды. 
Сондай-ақ, мерейлі мереке қарсаңында облыста жаңа «Нұр Орда» мөлтек ауданы ашылып, жалпы саны 820 пәтерді құрайтын көпқабатты 16 тұрғын үй ел игілігіне берілді. «Нұр Орда» мөлтек ауданындағы бұл үйлер «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынған.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: