Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Ұйықтап қалып, қарсы жолаққа шығып кеткен мас жүргізушінің видеосы тарады

Нұр-Сұлтанда жүргізуші куәлігінен айырылған мас жүргізуші жол апатына ұшырап, оқиға орнынан қашып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.
8 қарашаға қараған түні шамамен сағат 02.30-да арнайы батальон қызметкерлері Chevrolet Lacetti көлігінің 37 жастағы мас жүргізушісін ұстаған.
"Мас жүргізуші Мәңгілік ел даңғылымен келе жатып, ұйықтап кетіп, қарсы жолаққа шығып кеткен. Салдарынан жол бойында тұрған қоршауды қиратқан. Артынша оқиға орнынан қашып кетпек болған. Полицейлер оны ұстады. Оның осыған дейін мас күйде көлік жүргізгені үшін жүргізуші куәлігінен айырылғаны анықталды", - деді полицейлер.
Полиция мәліметінше, нарколог дәрігер ер адамның мас болғанын растады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: