ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ САЛАСЫНДА ЖАҢА БАҒДАРЛАМА ҚОЛҒА АЛЫНАДЫ
Қызылорда қалалық бюджеттен бөлінген 21 млн. теңгеге жер қатынастары саласындағы заң бұзушылықтарды анықтау, жұмсалатын жұмыс уақытын азайту мақсатында GPS геодезиялық құралы мен ArcGIS (АР ГИС) бағдарламасы алынды.
GPS геодезиялық құралы жердің кез келген жерінде, кез келген ауа-райында, сондай-ақ жер маңындағы ғарыштық кеңістіктегі объектінің орналасу орнын мен жылдамдығын анықтауға мүмкіндік береді.
ArcGIS (АР ГИС) бағдарламасы - америкалық компаниясының геоақпараттық бағдарламалық өнімдерінің бірі жер кадастры үшін, жерге орналастыру, жылжымайтын мүлік объектілерін есепке алу, инженерлік коммуникациялар жүйелері, геодезия, жер қойнауын пайдалану қызметтері мен басқа да салаларда қолданылады.
Аталған жоба жер қатынастар саласындағы заң бұзушылықтарды анықтауға жұмсалатын уақытты 15 күннен 2 күнге дейін қысқартады.