Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Тазалық сақтамаған тұрғындар жазаға тартылды

Тазалық сақтамаған тұрғындар жазаға тартылдыОблыс көлеміндегі криминогендік ахуалды сауықтыру, қоғамдық  тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылдың 1-5 тамыз күндері аралығында облыс көлемінде «Таза қала – таза аймақ» профилактикалық іс-шарасы  өткізілуде. 
Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталмыш іс-шараға учаскелік және ювеналды полиция инспекторлары, жол-патрулдік полиция батальоны қызметкерлерінен құралған 500-ге жуық  қызметкер  жұмылдырылып, іс-шараның 4 күнінде барлығы 899 әкімшілік құқық  бұзушылық  анықталды.
Атап айтатын болсақ, 2015 жылдың 1 тамызында сағат 10.30 шамасында Қызылорда облысы, Шиелі кентіндегі көп қабатты үйдің ауласына құрылыс қалдықтарын жинап қойып, қала тазалығы мен көркіне елеулі зиян келтіргендігі үшін 1976 жылы туылған азаматқа ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабы 1-бөлігімен ескерту жасалды.
Сонымен қатар, дәл осындай дерек 2015 жылдың 3 тамызында сағат 11.50 шамасында Қызылорда қаласында да орын алған. Атап айтқанда, Тасбөгет кентінің тұрғыны орталық алаңда темекі шегіп, қалдығын тастап, қоғамдық орындарды ластағаны үшін ұсталды. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабымен әкімшілік іс рәсімделіп, шешім қабылдауға Қызылорда  қаласының  әкімшілік  сотына  жолданды.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: