Коронавирус: Соңғы тәулікте Қызылордада 4 дерек тіркелді
Қызылорда облысында коронавирус инфекциясымен тіркелген симптомды науқастар саны – 466, ал симптомсыз-53 азамат. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді.
«Соңғы тәулікте 4 дерек тіркелді. Оның ішінде, 1-еуі симптомды, қарым-қатынас арқылы, ал 3-еуі симптомсыз, аурухана мен емхананың скринингінен анықталды»,- деді бас дәрігер.
Сондай-ақ, вирус жұқтырғандармен байланыста болған- 5344 азамат анықталды. Оның ішінде, 3140-ы тікелей қарым-қатынаста, 2204-і жанама байланыста болған.
Бұдан бөлек, індеттен айығып шыққандар саны 298-ге жетті. Соңғы тәулікте стационардан 7 адам емделіп шықты.