Облыс көлемінде мүдделі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін тарта отырып, «Түнгі қаладағы балалар» жедел профилактикалық іс-шарасы басталды.
«Іс-шараның негізгі мақсаты – тәуліктің кешкі және түнгі уақытында кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу болып табылады» деп хабарлайды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
ЖПІШ-ға қатысуға жергілікті атқарушы органдардың, прокуратура, білім беру, денсаулық сақтау органдарының, сондай-ақ «Нұр Отан» партиясының жастар қанаты филиалының өкілдері мен ата-аналар комиттеттерін қатыстыру жөнінде қолдау хаттар жолданды.
Іс-шара аясында алкогольдік ішімдік ішетін, заңды өкілдердің ілесіп жүруінсіз түнгі уақытта үй-жайлардан тыс сауықтыру орындарында болатын, тыныштықты бұзатын, ұсақ бұзақылық жасайтын кәмелетке толмағандарды, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды қоғамға қарсы іс-әрекеттер жасауға тартатын адамдарды анықтау мақсатында кәмелетке толмағандардың көп жиналатын орындарында рейдтік іс-шаралар өткізу жоспарлануда. Аталмыш іс-шара қыркүйек айының 21-не дейін жалғасады.