Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Сыр өңірінің жыраулық дәстүрі

Жырау – ақпа-төкпе импровизатор, өлең сөзді қару еткен өнер адамы, халықтың қамын ойлай білетін парасаты мол ел ағасы, қысылғанда жол табар ақылшысы, уақыт, оқиға сырын, замана бағыт-бағдарын ақыл таразысына салып сынай, салмақтай білетін, болжағаны болып, айтқаны келетін тапқыр да көреген дана абызы. Жырау ел тағдырын шешер ірі оқиғалар, аса мәнді, көкейкесті мәселелер турасында толғанған. Халық қайғырғанда демеп, қуанғанда қанат бітіріп, ақыл қосатын асыл сөз иесі – жырауларды өзгелерге қарағанда аса қадір тұтқан.

Қызылорда облысында жарияланған Руханият жылы аясында облыстық филармония жанынан «Жыраулар үйі» ашылды. Өнер ордасында қойылған панорамалық Қорқыт ата композициясында түркі халықтарының ортақ ұлы ойшылы бейнеленген және Жанкент, Сауран, Шірік-рабат сынды көне қалалары суреттелген. Одан бөлек онда орнатылған Инфокиоск ақпараттандыру құрылғысында жыраулар үйіне қатысты барлық мәлімет енгізілген. 
Ал ғимараттың дәлізінде ХІV-XV ғасырлардан бастап ХХ ғасырға дейінгі 15 ақын-жыраудың суреттері ілінген. Олардың қатарында Қорқыт бабадан бастап ақын-философ Асан қайғы, әйгілі Бұқар жырау, жыраулық өнер зерттеушілері Әлкей Марғұлан, Әуелбек Қоңыратбаев, Рахманқұл Бердібаев және Мардан Байділдаев секілді ғалымдар қамтылған. Одан кейінгі кезекте мұнда келушілер әнші, жырау композитор Ешнияз сал, Базар жырау, Рахмет Мәзқожаев, ақын Тұрмағамбет Ізтілеуов, жырау Жәмет Сайымұлы, Жаңаберген Бітімбайұлы, Тұрымбет Салқынбайұлы суреттерін тамашалай алады.
Сондай-ақ, Жыраулар үйінде конференция және көрермендер залдары қарастырылған. Көрермендер залының сахнасы ұлттық нақышта безендірілген. Сахна айнасында орнатылған заманауи материалдан жасалған жартылай киіз үй тәрізді құрылғының төбесін шаңырақ түйістіреді. Бұл концерттік зал телевизиалық түсірілімдер жасайтын студияға да лайықтандырылған.
Ал ғимараттың дәлізінде ХІV-XV ғасырлардан бастап ХХ ғасырға дейінгі 15 ақын-жыраудың суреттері ілінген. Олардың қатарында Қорқыт бабадан бастап ақын-философ Асан қайғы, әйгілі Бұқар жырау, жыраулық өнер зерттеушілері Әлкей Марғұлан, Әуелбек Қоңыратбаев, Рахманқұл Бердібаев және Мардан Байділдаев секілді ғалымдар қамтылған. Одан кейінгі кезекте мұнда келушілер әнші, жырау композитор Ешнияз сал, Базар жырау, Рахмет Мәзқожаев, ақын Тұрмағамбет Ізтілеуов, жырау Жәмет Сайымұлы, Жаңаберген Бітімбайұлы, Тұрымбет Салқынбайұлы суреттерін тамашалай алады.
Сондай-ақ, Жыраулар үйінде конференция және көрермендер залдары қарастырылған. Көрермендер залының сахнасы ұлттық нақышта безендірілген. Сахна айнасында орнатылған заманауи материалдан жасалған жартылай киіз үй тәрізді құрылғының төбесін шаңырақ түйістіреді. Бұл концерттік зал телевизиалық түсірілімдер жасайтын студияға да лайықтандырылған.
Жыраулар – мемлекеттегі, әсіресе хан сарайындағы көреген саясаткер, ханның ақылгөйі, мемлекеттің бас идеологы, қолбасы әрі дауылпаз ақын бола білді. Олар хан кеңесінің белсенді мүшесі болған, мемлекетті басқару ісіне тікелей қатынасып, саяси, әскери, қоғамдық мәселелерді шешуге барынша жәрдемдесіп отырды. Соғыс кезінде жыраулар әскери кеңесте де, ханның жеке өзіне де өз ойын ашық айтып, бағыт беріп, қамқорлық жасады. Қиян-кескі ұрысқа түсер алдында жауынгерлерге арнап жыр толғап, олардың намысын қайрап, рухын көтерген еді. Тіпті қажет болған жағдайда өздері де шайқасқа қатысып, ерліктің үлгісін көрсеткен, сондықтан жыраулардың біразы қолбасы да болып, тайпалар мен руларды да басқарды. Жыраулардың көбіне әрі суырып салма ақын, әрі батыр, әрі сәуегей болып келуінің басты себебі – сол тұстағы Қазақ хандығының өмір-салты мен тұрмыс-тіршілігінің көшпелі-бақташылық болуына және ұдайы жаугершілікті басынан кешіруіне байланысты еді.Жыраулар поэзиясындағы ең басты тақырып – Қазақ хандығын құраған ру мен тайпалардың татулығы мен бірлігі және мемлекетті нығайту мен оның жауынгерлік күшін арттыру болды. Ал мұның өзі жыраулар поэзиясында ең мәнді де, маңызды етіп қаһармандықты, елінің тәуелсіздігі мен мемлекетінің нығаюы үшін жан аямай күрескен батырлар мен қайраткерлерді мадақтап, көтермелеп жырлау дәстүрін қалыптастырды. Сөйтіп, жыраулар өз шығармаларында идеалды әміршінің бейнесін жасады, сонымен қатар адамдар жоқшылық көрмей, бақытқа кенелген утопиялық қоғамды да суреттеді.Утопиялық таным-түсініктер, арман-аңсарлар және жоба-жорамалдар көбінесе қоғамдағы қарама-қайшылығы мол өліара, өтпелі кезеңдерде пайда болады. Кез келген әлеуметтік утопияның өрнек-өрімінде тіршілік пен тұрмыстың бүгінгі тұрқына қанағаттанбаушылық, соған сәйкес қиюы қашқан дәуір дидарына басқа бір балама бейнені қарсы қоюшылық жатады. Осы алғаусыз аксиоманы ортағасырлық ордалы ойшыл, жыраулық үлгі жампоздарының бірі – Асан Қайғының жерұйықнамасы да растайды.Ол өмір сүрген XV ғасырда Еуразия құрлығы беймәлім бетбұрыстар мен өктем өзгерістердің аласапыран алаңына айналып, жарты жалғанға билігін жүргізіп келген құдіретті Алтын Орда бір-біріне тәуелсіз бөліктерге ыдырады. Бір бәйтеректің бұтағындай тамыры ортақ, тағдыры орайлас туыстас түркі тайпалары ынтымақ-ымырадан айырылып, берекесіздікке түсіп кесірге килікті. Сыртқа сойыл сілтемей, өзіне өзі шеңгел салғаннан тоят тапты. Ағайындық азып, ара ажырады. Шу-Талас төңірегінде тәуелсіз ту көтерген Қазақ хандығы да қашса құтқармас тарих толғағының жаратындысы секілді көрінді. Аспан асты, жер үстін қырық құбылтып, тоқсан түрленткен дүрбелеңді дәуір, әлбетте, өзінің мұраттарымен өзектес утопияны туғызбай қоймайды.
 XVII-XVIII ғасырларда өмір сүрген, қазақтардың жоңғарларға қарсы күресін ұйымдастырған, қазақ сапының алдында шайқасқан батыр жырау – Ақтамберді Сарыұлы. «Ақтабан-Шұбырынды» кезеңінде Орта жүзге қарайтын руларды басқарған. Жоңғар мемлекеті күйрегеннен кейін, азат елді атамекенге орнықтыруда орасан еңбек етеді. Өзінің «Күлдір-күлдір кісінетіп» атты толғауында жауынгер жырау ретінде ғана емес, Асан секілді ел қамын жеген, халық хәлін жақсартуды көксеген абыз жырау деңгейіне көтеріледі. Егер Асан қайғы елге құтты қоныс іздеп, жер шарласа, Ақтамберді ондай Жерұйықты өзінің поэзиясында бейнелеп, ырысқа кенелген, елінің шат-шадыман өмірін суреттейді. Соның ішінде ен даланы еркін жайлаған көшпелілердің өмір салтын, табиғатпен біте қайнасқан кіршіксіз жан әлемін асқан шеберлікпен жырлайды.Қазақ әдебиетінің тарихындағы аса ірі тұлғалардың бірі – Бұқар Қалқаманұлы. Жырау толғауларының денінде халқының болашағын ойлап, өзі ақылшы болған Абылай ханға кеңес беріп отырады.
Бұқар жырау – қазақтардың үш жүзінің басы қосылып, бір орталыққа бағынған күшті мемлекет болуының насихатшысы болды. Мемлекеттің үлкен қайраткері әрі идеологы болған Бұқар жырау үшін ең басты мәселе –Қазақ хандығын сақтап қалу, оның тәуелсіздігін қорғау, үш жүздің ауызбірлігі мен ынтымағы, көрші елдермен бейбіт қатынаста болу. Жырау қазақ мемлекетінің өз тұсындағы жағдайымен бірге келешегі үшін толғанады. Ресей мен Қытай мемлекеттерінен қауіп төне бастағанын сезеді. Оның үстіне Бұқар жырау Ресейдің біртіндеп шығысқа еніп бара жатқанын, қазақ жерінің сыртын орай қамал-бекіністер сала бастағанын көреді, содан қауіптенеді. Қаруы күшті, әскері де көбірек Ресейдің қазақ жеріне ерте ме, кеш пе ауыз салатынын сезеді. Онымен соғысуға қазақ елінің дәрменсіз екенін де жақсы білген соң, Абылай ханға орыспен соғыспа деп кеңес береді. Алдағыны айна-қатесіз болжаған жырау туған халқын отаршылдар озбырлығынан, қиянатынан сақтандырады. Жат жұрттықтардың жылы сөзіне, әшекей-бұйымдарына алданбай, заман шындығына терең үңілу керектігін ұғындырады. Ел бірлігін, жер тұтастығын сақтау жолдарын нұсқап, «Мәңгілік елдің» ұстанар басты моральдық-этикалық негіздерін көркемдік танымда жаңғыртады. Текті менен тексіздіктің, тереңдік пен таяздықтың, жақсы менен жаманның ара жігін айыруға ой салады.
Осылайша XVIII ғасырдың соңынан бастап қазақ әдебиетінде жаңа тақырыптағы жыр үлгісі пайда болып ол XIX ғасырда зор қарқынмен дамыды. Ол – ұлт-азаттық поэзиясы еді. Ресейдің отаршылдық саясаты мен іс-қимылдарына қарсы болған халық көтерілістерін жырлаған жыр өрнегі-тұғын. Ол XX ғасырда да өшкен жоқ. Сонымен қатар лирикалық поэзия да өрістеп, оның да жырлаған мәселесі – отаршылыққа қарсы болды. Басты тақырыбы қазақ жерінің сақталуы мен халықтың ішкі еркіндігі еді. Жалпы жыраулар жырмен жалғасып сабақтастық алған тәуелсіздік идеясы XIX-XX ғасырларда да әдебиетімізде өз жалғасын тапты. Әсіресе бұл идея Алаш зиялыларының шығармашылығында барынша айқын көрініс тауып әдебиетте де көркем түрде әдемі бой көрсетіп отырды. Сөйтіп халықтың, қоғамның тарихи жадын, рухын, санасын оятуға мейлінше мол еңбек сіңірді.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: