Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада 102 арнасына бір аптада  1168 хабарлама келіп түсті

Қызылорда қалалық Полиция  басқармасының Жедел басқару орталығында полицейлер тәулік бойы үздіксіз өз жұмыстарын атқарып келеді.
Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен тәртіпті сақтау мақсатында анықталған құқықбұзушылықтар бойынша жедел жұмыстарды жүзеге асырады. Бір аптада 102 нөмеріне 1168 хабарлама келіп түсті. Ал, жедел басқару орталығының көмегімен 556 құқықбұзушылық анықталды.
Оның ішінде Қазақстан Республикасы  Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 593-бабымен (Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау) 249  жүргізуші, 591-бабының 1-бөлігімен  (Көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды не радиостанцияны пайдалануы) -32 жүргізуші,  600-бабының 1-бөлігімен (Жол жүрісінде басымдықты пайдаланатын көлiк құралдарының жүргiзушiлерiн қоспағанда, жол жүрiсi қағидаларының жаяу жүргiншiлерге немесе жол жүрiсiнiң өзге де қатысушыларына жол беру талаптарын орындамау)- 31 жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылды. 
Сонымен қатар, ҚР ӘҚБтҚ-нің 440-бабы (Алкогольдік ішімдік ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде жүрген)  бойынша 32 хаттама рәсімделді, ҚР ӘҚБтК-нің 434 бап (Ортақ пайдаланатын қоғамдық орынды ластау)–29 құқық бұзушылық анықталып, шара көрілді. 
«Біздің орталық өз жұмысын ешқашан кідірткен емес. Сондықтан сеніммен айта аламын, Қызылорда қаласы тұрғындарының тыныш ұйқысы мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында өз жұмысымызды одан әрі де жалғастыра береміз», - дейді Қызылорда қалалық  Полиция басқармасының Жедел басқару орталығының бастығының міндетін атқарушысы, полиция майоры Құлбаев Жәнібек. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: