ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ДИКТАНТҚА ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ ӘДІСКЕРЛЕРІ ҚАТЫСТЫ
Жалпыхалықтық диктант жазу шарасына Қызылорда қалалық білім бөлімінің әдіскерлері де белсене атсалысты.
Бұл шара ҚР Президентінің 2018 жылғы 19 ақпандағы №637 Жарлығына және ҚР Премьер-Министрінің 2018 жылғы 13 наурыздағы №27 өкімімен бекітілген «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарына» сәйкес қолға алынып отыр. Латын қарпімен қазақ тілі әліпбиінің меңгерілуін жан-жақты қамту мақсатында республика бойынша жалпыхалықтық диктант жазу шарасы ұйымдастырылды.