Қармақшы аудандық сотында ҚР ҚК-нің 106 бабының 3 бөлігімен сотталған Т.М.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. Бұл жөнінде аудандық соттың баспасөз қызметі хабарлады.
Сотталушы Т.М. үстіміздегі жылдың 31 мамырында с Б.Б. екеуі спирттік ішімдік ішкен. Ары қарай Т.М. мен Б.Б. араларында жанжал туындап, жәбірленуші Б.Б.-ның қолындағы пышақпен сол жақ іш тұсынан күштеп бір мәрте соққы берген. Сол алған дене жарақаты салдарынан Б.Б. оқиға болган жерде қаза тапқан.
Қармақшы аудандық сотының 2 үкімімен, сотталушы Т.М. Қазақстан Ресспубликасының ҚК-нің 106 бабының 3 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 8 (сегіз) жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.