РАКЕТАЛЫҚ ӘСКЕРИ БӨЛІМДЕРДЕ БОРЫШТАРЫН ӨТЕГЕН АРДАГЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ
Бүгін Шиелі ауданында ерекше тәуекелді солдаттардың қатысуымен «Отанды сую-барша Қазақстандықтардың парызы» атты кездесу кеші өтті.
Кеш барысында стратегиялық бағыттағы ракеталық әскери бөлімдерде борыштарын өтеген бірқатар ардагерлер аудан әкімінің алғыс хаттарымен қатар, бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
Кеңес заманында жастықттың буынымен, мемлекет мүддесі үшін стратегиялық бағыттағы ракеталық әскери бөлімдерде көптеген азаматтарымыз борышын өтегені көпшілікке аян. Сол кездегі жауынгер, бүгінгі ел ағалары ерлікке парапар қызмет етіп, мемлекеттің тыныштығын күзетіп қана қоймай, халықттың әлеуметтік жағдайының дамуына үлес қосқаны сөзсіз.