Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

АРАЛДА ПӘНДІК ОЛИМПИАДА ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНҒАН МҰҒАЛІМ АВТОКӨЛІК МІНДІ

АРАЛДА ПӘНДІК ОЛИМПИАДА ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНҒАН МҰҒАЛІМ АВТОКӨЛІК МІНДІ

 

Арал ауданының әкімі Абзал Мұхимов ұстаздарды төл мерекесімен құттықтады.
Салтанатты шара барысында аудан басшысы білім беру саласына еңбегі сіңген ұлағатты ұстаздарды алғыс хаттармен марапаттап, мұғалімдер арасында биология пәнінен өткен олимпиада жүлдегерлеріне арнайы сыйлықтарды табыстады.
Атап айтсақ, олимпиаданың бас жүлде иегері – Сүйеубаев Темірбекке су жаңа Lada Granta автокөлігінің кілті табысталса, ІІ орын иеленген 2 мұғалімге – 500 мың теңгеден, ІІІ орын иеленген 2 мұғалімге 300 мың теңгеден ақшалай сыйлық берілді.
Еске сала кетсек, мұндай олимпиада ауданда осымен үшінші рет ұйымдастырылып отыр. Сонымен қатар, Аралдың мұғалімдер арасында ұйымдастырылатын пәндік олимпиада жеңімпаздарына автокөлік табыстаған облыстағы жалғыз аудан екенін айта кеткен жөн.

АРАЛДА ПӘНДІК ОЛИМПИАДА ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНҒАН МҰҒАЛІМ АВТОКӨЛІК МІНДІ

 


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: