Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Түлектер ұстаздарының құрметіне турнир өткізді

Түлектер ұстаздарының құрметіне турнир өткіздіШиелі ауданындағы Байсын ауылындағы №207 «Жаңатұрмыс» орта мектебінің 2005 жылғы түлектері 10 жылдық кездесуге келіп, кейінгі ұрпаққа ауыл ардагерлерін насихаттау мақсатында футболдан жарыс ұйымдастырды.
Жарыстың мақсаты - Байсын ауылындағы № 207 «Жаңатұрмыс» орта мектебіне еңбегі сіңген ардагер ұстаздарды ұлықтау кейінгі ұрпаққа насихаттау болып табылады. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» атты футбол турнирі болып өтті. Биылғы бітіруші түлектердің 10 жылдық кездесу кешіне орай футбол ойынынан ұйымдастырылған жарысқа қатысқан команда І-орынды жеңіп алған команда «Бәйділдә Есенов» атындағы жүлдемен, ІІ-орынға «Сәду Әлиев» атындағы жүлдемен, ІІІ-орынды «Шахизат Тәшімбетов» атындағы жүлделермен, марапатталып ақшалай сыйлық табысталды. Өздерінен кейінгі ұрпаққа өнегелі тәрбиелігін көрсете білген ұстаздарының мақтанышы болған 2005 жылғы № 207 «Жаңа тұрмыс» орта мектебінің түлектері алғашқы әскери дайындық сабағына керекті қару-жарақ (мылтықтар) табыс етіп, ұстаздар мен оқушылардың алғысына бөленді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: