Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

САЙЛАУДА БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТҚАНДАР МАРАПАТТАЛДЫ

САЙЛАУДА БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТҚАНДАР МАРАПАТТАЛДЫҚазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауында белсенді жұмыс жасаған азаматтар облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың және аудан әкімі Абзал Мұхимовтың алғыс хатына ие болды.
Бұл саяси додада аралдықтардың 88,94 пайызы сайлау үйлеріне келіп демократиялық жолмен өз қалауларын жасаса, аудандағы 41934 сайлаушының ішінен 32300 адам «Нұр Отан» партиясын таңдады.Сондай-ақ Арал ауданы облыс орталығына сайлау туралы қорытынды ақпаратты сапалы түрде бірінші болып табыстады. 
Марапат иелерін құттықтап сөз сөйлеген аудан әкімі Абзал Мұхимов: «Сайлау өткізіледі деген хабарлама, үндеулер түскеннен бастап әрбір ауылдарда, әрбір мекеме, кәсіпорындарда қызу, қауырт жұмыстар жүргізілді. Оның ішінде, кірпік қақпай, көз майын тауысып, таңға дейін жұмыс жасап,саяси додадағы ауданның мерейі үшін қызмет атқарған сіздердің еңбектеріңіз орасан зор»,-деп алғысын білдірді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: