Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Агрономия тақырыбындағы оқулықтар жарық көрді

Қызылорда «Болашақ» университетінің доценті Марат Мықтыбайұлы Жанзақовтың бірлескен авторлықтағы ІІ бөлімді «Агрономия негіздері» және «Егіншілік» атты оқулықтары Қазақ Ұлтттық аграрлық университеті жанындағы Республикалық «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар» және «Ветеринария» кадрларын даярлау бағыттары бойынша оқу-әдістемелік бірлестігі ұсынысымен Алматы қаласындағы «Эпиграф» баспасынан басылып шықты.


Б.Қ.Кенбаев, М.М.Жанзақов, Қ.Б.Бегалиев және К.А.Мырзабектің «Агрономия негіздері» оқулығында ауыл-шаруашылығы өндірісі – егіншіліктегі өсімдіктер тіршілігі, қолданылатын тыңайтқыш түрлері, арам шөп түрлері және олармен күресі шараларының, топырақ өңдеу мен мелиорациялық шаралардың, ауыспалы егістер мен оларды енгізу және игерудің, егіншілік жүйелерінің, егістік дақылдардың таралуы мен морфологиялық белгілері, биологиялық қасиеттері, сорттары, өсіру агротехникасының ғылыми негіздері қамтылды.
Б.Қ.Кенбаев, М.М.Жанзақов, С.Ж.Оңалов және К.А.Мырзабектің «Егіншілік» оқулығында ғылыми егіншілік заңдары, өсімдік тіршілігі, топырақ және оның құнарлығы, топырақты тиімді пайдалану мен құнарын арттырудағы арам шөптермен күресу, топырақ өңдеу, дұрыс ауыспалы егістерді пайдалану, егістік жерлер топырағын эрозиядан қорғаудың агротехникалық негіздері мен аймақтық егіншілік жүйелері қамтылған.
Аталмыш оқулықтар жоғары және орта арнайы оқу орындарының аграрлық техника және технология, экология мамандықтары студенттері мен магистранттарына, агроөнеркәсіп өндірісіндегі мамандарға арналған.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: