Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНДА 3500 БАТЫР АНА БАР

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНДА 3500 БАТЫР АНА БАРҚызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев қала әкімдігінің мәжіліс залында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай арулар қауымына арналған мерекелік қабылдау ұйымдастырды.
Мерекелік шараға 50-ден астам нәзік жандылар қатыстырылды. Олардың ішінде Ұлы Отан Соғысының ардагерлері, Еңбек ардагерлері, батыр аналар, білім, спорт және мәдениет саласының үздіктері, ұлттық – мәдени орталықтардың мүшелері, журналистер мен құқық қорғау саласының қызметкерлері, үкіметтік емес ұйым өкілдері секілді әр түрлі салада жемісті еңбек етіп жүрген нәзік жандылар бар.
Шара барысында қала әкімі Н. Нәлібаев әйелдер қауымын мерекелерімен құттықтап: «Сіздерге деген құрметіміз, барлық ыстық ықыласымыз бен ілтипатымыз тек мереке күндері ғана емес, мәңгілік мақсатымыз және тұрақты ұстанымымыз болып қала бермек» - дей келе, арулар қауымының қоғамдағы мәртебесі мен маңызына тереңірек тоқталды.
Бүгінде Қызылорда қаласы бойынша 3 мың 500 батыр аналармыз болса, төрт немесе одан да көп бала тәрбиелеп отырған жас аналардың саны 5 мыңнан асты.
6 мыңға жуық отбасының балаларына мемлекеттік балалар жәрдемақысы төленіп, мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған аналарға, жалғызбасты аналарға үйден әлеуметтік қызметтер көрсетілуде. Шара барысында қала әкімі Елбасының Жарлығымен мемлекетіміздің демографиялық дамуына үлкен үлес қосып жүрген 8 анаға «Күміс алқа» медальдарын табыстап, салтанатты шараның барлық қонақтарына арнайы әзірленген мерекелік сыйлықтары мен құттықтау хаттарын табыстады.
Шара соңында ҰОС ардагері Любовь Сергеевна осындай бірлігі мен берекесі жарасқан елде өмір сүріп жатқанын мақтан ететіндігін айтып, осы мақсатта қызмет етіп жүрген барша азаматтарға алғысын жетікзсе, қыз-келіншектер мемлекет тарапынан әйел азаматтарға жасалынып жатқан қолдауларға және еңбек ардагері Алма Танабайқызы жаңаша кейіпке еніп, күн сайын құлпырған қаламыздың әр саласындағы қарқынды даму көрсеткіштері үшін қала әкімінің қызметіне аналардың атынан рахметтерін айтты.
Сыр елінің белгілі ақын қызы Нәзігүл Бердіқожа аналарға арнап өлен оқыды. «Ұмай» балалар қайрымдылық үйінің директоры Анар Жарылқасынқызы Ізден республика бойынша 2015 жылы 21 қаланың ішінде Қызылорда қаласына «Балаларға мейірімді қала» атағы берілгендігін тілге тиек етіп, қала басшылығының қолдауының арқасында бүгінде Қызылорда қаласы ана мен баланың жайлы тұрмыс кешуіне барынша мүмкіндіп жасап отырған бірден бір қала екенін мақтанышпен жеткізді.
Жергілікті өнерпаздар мерекелік көңіл күй сыйлап, аналарымыз бен аруларымызға арнап әсем әндерін тарту етті.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: