Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Көп балалы ана мемлекеттік бағдарлама игілігін көрді

Қызылордалық көп балалы ана Айгүл Айтпаева «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы арқылы «Бизнес-Бастау» жобасын оқыды. Нәтижесінде бизнестің қыр-сырына қанықты.
Осылайша ол тамақ өнімдерін дайындау ісімен айналысуға ниет білдіреді. Алдымен тапсырысты жақындарынан алады. Одан кейін желіге жарнама беру арқылы табыс көзін молайта бастады. Бүдан кейін өзінің жобасын жасап, мемлекеттік бағдарлама арқылы 505 мың теңге грантты ұтып алды.
Кәсіп иесі қолға тиген қаржыға ас үй комюбайны, газ плитасы, мұздатқыш секілді өзіне қажетті дүниелерге қол жеткізді. Бүгінде «Айгөлек» сауда белгісі арқылы түрлі өнімдер жасап отыр. Алдағы уақытта кәсіпкерлік көкжиегін кеңейтуге көңіл бөлмекші.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: