Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ЕҢБЕК КОДЕКСІ БОЙЫНША ТҮСІНДІРМЕ ЖАСАДЫ

ЕҢБЕК КОДЕКСІ БОЙЫНША ТҮСІНДІРМЕ ЖАСАДЫАрал ауданына Еңбек Кодексі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Қызылорда облысының еңбек саласындағы бақылау басқармасының және облысы кәсіподақтар орталығының мамандары барды.
Жергілікті халықпен жүздесуінде облысының еңбек саласындағы бақылау басқармасының еңбек қатынастары бөлімінің басшысы Болат Бекайдарұлы мен  облыстық кәсіподақтар орталығы төрайымының орынбасары Майра Қадырбекқызы түсіндірме жасады. Жиынды аудан әкімінің орынбасары Рүстем Өтешов ашып, жүргізіп отырды. 2016 жылдан бастап Еңбек Кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың маңызын айқындаған жиынға қала, кент, ауылдық округ әкімдері мен дербес бөлім басшылары қатысты. Арнайы келген мамандар баяндама оқып, жаңа Еңбек Кодексінде көзделген жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы заңдылықтарды ашып түсіндірді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: