ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК СӘУЛЕТ-ҚҰРЫЛЫС БАҚЫЛАУЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Қызылорда облысы әкімі өкімімен Марсбек Молдабаев Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.
Марсбек Рүстемұлы Молдабаев 1963 жылы туған. Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтын «инженер-құрылысшы» және Қызылорда инженерлік-экономикалық институтын «қаржы бакалавры» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1981 жылы «Қызылорда электр желісі» кәсіпорнында электр слесарі ретінде бастаған. Еңбек жолында мемлекеттік қызмет саласы мен жеке секторда жауапты басшылық қызметтер атқарған.
2016 жылдың тамыз айынан – Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары.