Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Ұшқыштарға арналған жаңа құрылғы ұсынылды

Ұшқыштарға арналған жаңа құрылғы ұсынылдыЕнді ғарышқа ұшу қауіпсіз болмақ. Ле-Бурже халықаралық әуе салонында өткен көрме осыны дәлелдегендей болды, деп хабарлайды 24.kz.
Авиациялық және ғарыштық индустрия саласындағы жаңашылдықтарды өз көздерімен көрген қонақтар еріксіз таңдай қағыпты. Көрмеде ұшқыштарға арналған шолу жүйесінің жаңа құрылғысы ұсынылған. Ұшқыш оны басына орнату арқылы әуе кемесін оңай бақылай алады. Тіпті ол арқылы экипаж командирі биіктік пен жылдамдықты да жақсы білетін болады дейді мамандар. Ричард Перрот, Thales компаниясының өкілі: - Әдетте ұшқыш барлығын көре алмайды. Ал осы құрылғы арқылы көру кеңістігі 180 градусқа дейін ұлғаяды. Әуе кемесін жүргізуші кез келген жағдайда ұшып-қону жолағын да көре алады. Біз бұл құрылғыны алғаш рет қолданбақпыз.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: