Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Шаштараз кәсібінің қыр-сырына қанықты


Қызылорда қаласына қарасты Ақсуат ауылдық округінде тұратын Заура Найзағараева 2018 жылы жастарға берілген мүмкіндікті пайдаланып, «Жас проджект» жобасы бойынша 1 миллион теңге қайтарымсыз қаражатқа ие болды.
Сол қаржыға шаштараз ашуға қажетті құрылғыларды сатып алған. Бұл істе жоғары жетістіктерге жететініне сенімді. Себебі, кәсіпті бастаған адам өзін әр қырынан таныта бастайды.
– Мамандығым – мұғалім. Алайда өзіме ұнайтын іспен айналысқым келді. Осылайша, «Атамекен» кәсіпкерлік орталығы арқылы үш ай курстан өтіп, жобамды қорғадым. Қазіргі уақытта жеке ісім өз нәтижесін беріп отыр. Отағасы да қолдап, қол көмегін көрсетеді. Ауыл тұрғындары шаштаразға жиі бас сұғады. Кәсібім өрге басатынына толық сенімдімін, – дейді кәсіпкер Заура.
Ол бүгінде төрт баланы тәрбиелеп отыр. Жұмыссыз жүрген жандарға қолайлы жағдай жасап, бағыт-бағдар беріп отырған ауыл әкімдігіне риза.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: