Қызылорда қаласына қарасты Талсуат ауылдық округінде тұратын Ұлбазар Әбілда 29 жасқа дейінгі жастар үшін берілген мүмкіндікті пайдаланды.
Ол Өңірлік инвестициялар орталығы арқылы жеңілдетілген 6 процентпен 8 млн теңге несие алды. Оған ресейлік қондырғыларға қол жеткізді.
Оған өз қалтасынан тағы 4 млн теңге қосты. Есесіне біршама өнім өндіру іске асты. Қазір құрт, ірімшік, қаймақ, бринза шығарылады. Мәселен, бір қондырғы қаймақты құтыға құйса, бірі петропакке орналастырады. Айранды да шыны ыдысқа құятын технология автоматты түрде орындалады.