Қызылорда қаласының ауыл шаруашылығы саласы да айтарлықтай табыстарға қол жетті.
Үстіміздегі жылдың қаңтар-тамыз айларында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы өнімінің көлемі 1,8 млрд. теңгені құрап, өнімнің нақты көлемінің индексі өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 4 пайызға артты. «Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында құрылған «Сыбаға», «Алтын асық», «Сыр бойы», «Құлан» бағдарламалары бойынша нақтыланған мал сатып алу жоспары бекітілді.
Жоспарға сәйкес несиелендіру арқылы аталған бағдарламалар аясында барлығы 83,7 млн. теңгеге 330 бас ірі мүйізді қара және 7,2 млн. теңгеге 280 бас уақ малдары сатып алынды. Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорына «Жұмыспен қамту орталығы» арқылы 150 адамның тізімі жолданып, бүгінде 38 адам 163 млн. теңге несие алды.