Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

"Аңсаған сәби" бағдарламасы: Қызылорда облысына 277 квота бөлінді

Қызылорда облысында жасанды жолмен ұрықтандыруға бөлінетін квота саны 7 есеге ұлғайды, деп хабарлайды "Хабар 24".


"Аңсаған сәби"бағдарламасы бойынша туылған өңірдегі алғашқы нәрестенің салмағы 3 келі 800 грамм болды. 4 жыл нәтижесіз емделуден кейін көптен күткен ұлын облыс орталығының 36 жастағы тұрғыны Жанна Сариева дүниеге әкелді. 2021 жылы осы бағдарлама аясында өңірге 280 квотаға қаражат бөлінді.
Жанна Сариева, Қызылорда қаласының тұрғыны:
- Өткен жылдың наурыз айында біз барлық қажетті құжаттарды жинадық. Рәсімді өткізу үшін Алматыдағы клиниканы таңдадық. Біздің қуанышымызға орай, нәтиже оң болды. Бізде көптен күткен ұлымыз дүниеге келді. Қазір жағдайымыз жақсы.
Мира Мырзаханова, облыстық денсаулық сақтау басқармасының әдіскері:
– Егер 2020 жылы өңірге 44 квота бөлінсе, былтыр-281 бөлінді. Олардың барлығы толық игерілді. Биылғы жылға 277 квота бөлінді. Оларға кезекте 720 адам тұр. Кейбір әйелдер 2014 жылдан бастап күтуде.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: