Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

АУҒАННЫҢ АСУЫНДА ОТ КЕШКЕНДЕР

АУҒАННЫҢ АСУЫНДА ОТ КЕШКЕНДЕРАрал аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 27 жыл толуына орай, Ауған соғысы ардагерлері мен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Ауғанның асуында от кешкендер» атты салтанатты кеш өтті.
Кешке аудан әкімінің орынбасары Жұмагүл Әлішева қатысып, ардагерлерге ыстық ықыласын білдірді. Және аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттады. Айта кетейік, Арал ауданынан Ауған даласындағы соғысқа 60-қа жуық жерлесіміз аттанған болса, олардың екеуі майдан даласында ерлікпен қаза тапты. Ал, отанға оралған 58 майдангердің бүгінгі күні 32-сі ортамызда қалып отыр. Салтанатты кеш өнерпаздардың концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: