Сырдария аудандық прокуратурасының бастамасымен аудандық ішкі істер бөлімнің ғимаратының мәжіліс залында мәжіліс залында «Сырдария ауданы көлемінде жол көлік оқиғаларын алдын алу, болдырмау бағытында іс-шаралардың тиімділігі мен жай-күйі туралы» тақырыбында ведомстволық мәжіліс өткізілді. Бұл жайында облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.
Мәжілісте ағымдағы және 2014-2015 жылдары аралығында Батыс Еуропа-Батыс Қытай халықаралық дәлізінің және Қызылорда-Жалағаш тасжолдарында адам өлімімен ұштасқан жол-көлік оқиғалары көбеюіне байланысты нақты іс шараларды айқындап, жол-көлік оқиғаларын алдын алу алдын алу мәселелері талқыланды.
Осыған орай, мәжіліске облыстық ішкі істер Департаментінің басқармасы бастығының орынбасары, әкімшілік полиция басқармасының бөлім бастығы, аудан әкімінің орынбасары, аудандық маслихат хатшысы, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық АІІБ-нің бастығы, аудан әкімдігінің бөлім басшылары, кент және ауылдық округтердің әкімдері, қоғамдық және ардагерлер кеңесінің төрағалары және басқа да мекеме-ұйымдар басшылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Кездесуді аудан прокуроры Асхат Тәженов ашып, жиынға шақырылған мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдарды таныстырып өтіп, күн тәртібіндегі мәселенің өзектілігін атап тоқталып өтті. Қорытындысымен, аудандағы құқықтық тәртіпті қамтамасы ету жүйесінің осал тұстары айқындалып, құзырлы органдарға тиісті тапсырмалар берілді.