Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

 «Ауыл - Ел бесігі» жобасы 62 жоба іске асырылуда

«Ауыл - Ел бесігі» жобасы «Өңірлерді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» бір бағыты ретінде біріктірілді. 
Аталған жобаға облыстың 103 елді мекені арнайы әдістеме негізінде іріктеліп, енгізілді. Нәтижесінде 62 инвестициялық жобаны іске асыруға  бюджеттен 5,1 млрд. теңге бөлінді. 
Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жоба аясында 4 мектеп жөнделіп, 2 ауылға су желісі тартылды, үш ауылдың көшелері жарықтандырылды. 42 жоба ауыл көшелерін асфальттауға бағытталса, Жаңақорған ауданы Шалкия кентінде 150 орындық клуб, Арал ауданы Жақсықылыш кентінде мектепке 100 орындық қосымша ғимарат, Жалағашта 200 орындық оқушылар және 50 орындық өнер мектебі салынуда.   
Жоба аясында 298 жұмыс орны ашылды, оның 109-ы тұрақты. Бүгінде 62 жобаның 35-і  аяқталып, пайдалануға берілді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: