Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ УАҚ МАЛ БАСЫ АРТТЫ


2018 жылдың қаңтар-қазан айларында Қызылорда қаласына қарасты шаруашылықтарда «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 100 бас аналық қой және 3 бас асыл тұқымды қошқар сатып алу межеленген.
Бүгінде Тасбөгет кентінен ЖК «AKmol-Bereke» және «Сырдария» КТ несие серіктестігі арқылы 7,2 млн. теңге алынып, 270 бас аналық қой және 10 бас аталық қошқар сатып алынды.
Қызылөзек ауылдық округіне қарасты «Әліп» шаруа қожалығы «Сырдария-1» несие серіктестігі арқылы 19 млн. теңге несие алып, 760 бас аналық қой сатып алынды. Белгіленген аналық қой алу межесі 10 есеге, ал аталық тұқымды қошқар алу межесі 3 есеге артығымен орындалып отыр.
Қала аумағындағы жеке және қосалқы шаруашылықтардың меншігіндегі МІҚ малының аналықтарын қолдан ұрықтандыруды үйлестіру мақсатында «Асыл тұқым» ЖШС арқылы қолдан ұрықтандыру қызметі жүзеге асырылуда. Ағымдағы жылдың басынан бері барлығы 12 бас аналық сиыр қолдан ұрықтандыру пункттері арқылы қашырылды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: