Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада шыны зауыты іске қосылды

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мерекесінде Cыр еліндегі ауқымды жобалардың бірі шыны зауыты іске қосылды. Қызылорда облысына арнайы келген ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев пен облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова зауыттың пешін іске қосу рәсіміне қатысып, ел игілігіне бағытталған кәсіпорынның жұмысына сәттілік тіледі. 


Кәсіпорын жылына 197,1 мың тонна, тәулігіне 600 тонна өнім шығара алады. Бұл арқылы сырттан алатын өнімге деген тәуелділік азаяды, сондай-ақ, басқа мемлекеттерге деген экспорттың 30%-ын жүзеге асыруға мүмкіндік туады. Зауытта әлемнің жетекші елдері - АҚШ, Италия, Бельгия, Финляндия және Қытайда шығарылған заманауи үлгідегі технологиялар қолданылады. Кәсіпорында табақ шыны, энергия үнемдейтін шыны, айна, ламинатталған шыны, күйдірілген шыны өнім түрлері өндіріледі деп күтілуде. 
- Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында жаңа технологияларды пайдаланып, бәсекеге қабілетті өнім шығаратын, еліміздің және өңір экономикасын дамытуға тың серпін беретін жоба - шыны өңдеу зауытын іске қостық.
Шыны өндіру барысында 90% жергілікті шикізат пайдаланылады. Шыны бағасының 80%-ын құрайтын негізгі компонент - кальцийленген сода. Сондықтан, Аралда салынатын сода зауытының негізгі тұтынушысы - осы зауытымыз болмақ. 
Зауыт толық қуаттылыққа шыққанда 226 жаңа жұмыс орны, қосалқы өндірістерде 300-ге жуық тұрақты жұмыс орны құрылады, бірінші кезекте жергілікті мамандарға басымдық беріледі,-деді Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова.  
Негізінен технологиялық  талаптарға сай жоғары сапалы өнім алу үшін пешті алдын-ала 3 ай бойы қыздыру қажет. Бұл жұмыстар бірнеше кезеңде жүргізіледі. Яғни, келер жылдың қаңтар айынан бастап пешті қыздырудың және шыны балқытудың негізгі кезеңін жүргізіледі. Ал, ақпаннан-наурызға дейін пеш өзінің жұмыс режиміне шығып, пештің жұмыс температурасы 1600°С жетеді.
«Орда Гласс ЛТД» мамандарының болжамы бойынша бірінші шыныны 2022 жылдың сәуір айында өндіруді жоспарлауда.
Айта кетейік, шыны зауытының айналасында шыныдан бұйымдар шығаратын ілеспе өндірістер құрылады. Қазірдің өзінде инвесторлар тарапынан екі жобаның жобалау жұмыстары басталған. Бұл композиттік материалдар  мен айна өндірісі.
Шыны зауытының ашылуымен қатар бүгін Сыр елінде 50 пәтерлік тұрғын үйдің кілті табысталып, жаңа «Naman аta» спорттық сауықтыру кешені ашылды. Сондай-ақ, ел дамуына үлес қосқан өз саласының майталман азаматтарына Мемлекеттік наградалар мен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған медаль табыстады. Бұрынғы су шаруашылығы министрі Нариман Қыпшақбаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы және ҚР  Парламенті Мәжілісінің депутаты Тоқтар Әубәкіров «Қызылорда облысының құрметті азаматы» атанды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: