Facebook VK WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ЕСЕП БЕРУ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

ЕСЕП БЕРУ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

 

Қызылордада "Нұр Отан" партиясы қалалық филиалының кезекті ХІХ есеп беру конференциясы өтті.
Оған қалалық мәслихат депутаттары, ауылдық округ әкімдері, , қалалық бөлім басшылары, жасотандықтар, бастауыш партия ұйымдарынан сайланған делегаттар және БАҚ өкілдері қатысты.
Коференция жұмысына, Қызылорда қалалық партия филиалының төрағасы, қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев және облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев қатысты. 
Конференцияның күн тәртібіне қалалық партия филиалы Саяси кеңесінің 2015 – 2016 жылдардағы атқарылған жұмыстарының қорытындысы жайлы, партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шәріп Әбдірахманов баяндама жасады. 
Баяндамадан белгілі болғандай 2015-2016 жылдар аралығында қалалық партия филиалының қоғамдық қабылдауына қала тұрғындарынан жалпы саны – 1046 өтініштер қабылданып, оның 30% оң шешімін тауып, қалғандарының мәселесіне қарай заң аясында кеңестер берілді. Келіп түсетін арыз-шағымдарды сараптау нәтижесімен шағымдардың басым көпшілігі әлеуметтік мәселелерге қатысты екенін анықталды. Соның ішінде әсіресе тұрғын үй мен жұмыспен қамту мәселелері бойынша. 
Бүгінгі таңда «Нұр Отан» партиясына сенім артушылар саны артып келеді. Бұған дәлел ретінде айтар болсақ, 2016 жылдың 1 қаңтарында 6614 партия мүшесі тіркелген болса, нақ осы кезеңде, қараша айына партия қатары 1616 партия мүшесіне артып 8230 адамды құрап отыр. Партия қатарына өтуші тұлғалар саны уақыт өте келе артып келеді. Партияның негізі бастауыш ұйымнан тұрады. Есепті кезеңде «Жан Арай»,«Жабдықтау» ЖШС – де бастауыш партия ұйымдары ашылса, «Болашақ» университеті, «Болашақ» колледжі, «Болашақ» медициналық колледжі, «Ер-Тарғын» балабақшасы, «Сыр жұлдызы» балабақшасы негізінде партиялық топтар ашылды. Бұл да өз кезегінде партия қатарына өтуші тұлғалар санының уақыт өте келе артып келе жатқандығын дәлелдейді. 
Сондай-ақ қалалық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары есепті мерзімде қалалық партия филиалы Саяси кеңесінің 4 отырысы өткізіліп, кешенді жұмыс бағыты белгіленіп, тиісті тапсырмалар жүзеге асырылғандығын атап өтті.
Өздеріңізге белгілі бүгінде партияның әлеуметтік мәселелерді қамтитын 9 жобасы бар.
Жалпы алғанда партияның «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы бойынша - 17 шара, «Бақытты балалық шақ»-15; «Кедергісіз келешек»-9; «Жемқорлықсыз ел-гүлденген ел»-23; «Жастар Отанға»-6; «Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту»-4; «Айқын тариф»- 19; «Ұлы Дала Елі»-15 іс-шара ұйымдастырылды. Бұл жобалардың әр қайсысы өз кезегінде халықтың мәселелерін шешуге ықпал етуде.
«Кедергісіз келешек» жобасы аясында Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастыруымен өткен «25 қайырымды іс» : Мейірімді жүрекпен тақырыбындағы акцияда Шанхай мөлтек ауданында тұратын тыл және еңбек ардагері Рабиға Қоянбаеваға материалдық және азық-түлікпен көмек көрсетілді. «Ұлы дала елі» партиялық жобасы аясында №1 «Қ.Мұханбетжанов» атындағы гимназияда Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына және Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай арналған «Ғасырлар сыр шертеді» атты іс-шара ұйымдастырылып, партия қатарына салтанатты түрде қабылдау және партиялық билеттерді табыстау рәсімі өткізілді.
«Бақытты балалық шақ» жобасы ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік бейімдеу үшін қолайлы жағдайлар жасауды көздейді. Облыс әкімінің тікелей қолдауымен бой көтерген 80 балаға арналған "Атамекен" отбасылық үлгідегі балар үйі бірілгеннен кейін қаламыздағы отбасы үлгісіндегі үйде 47 бала тәрбиеленуде.
Бүгінгі конференцияның аралығын айтқанда қалалық партия филиалының жұмысы қанағаттанарлық деп танылды. Алдағы уақытта да бұл жұмыстар жалғасын тауып, Елбасы, партия Төрғасының жаңа тапсырмалары бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілетіндігі айтылды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: