Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Мемлекеттік рәміздер туралы заңнама талаптары сақталмаған

Мемлекеттік рәміздер туралы заңнама талаптары сақталмағанЖалағаш аудандық прокуратурамен мемлекеттік рәміздер туралы заңнама талаптарының сақталу жағдайына тексеру жүргізілді.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Мемлекеттік Елтаңбасы және Мемлекеттік Гимні - мемлекетіміздің егемендігі мен біртұтастығын білдіретін рәміздері болып табылады.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 34-бабына сәйкес, әркім Республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті. 
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 12-бабына сәйкес, жергілікті атқарушы орган Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында пайдаланылуын (тігілуін, орналастырылуын) бақылауды жүзеге асырады.
Дегенмен, тексеру көрсеткендей аудандағы жергілікті атқарушы органдар мен мемлекеттік мекемелер тарапынан бұл конституциялық заңнама талаптары жеткілікті деңгейде орындалмай отырғандығы байқалады.
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнінің мәтінін орналастыру ережесінің» (бұдан әрі – Ереже) 17-тармағына сәйкес ғимараттарға тұрақты тігілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасына тәуліктің қараңғы мерзімінде жарық түсіп тұруға тиіс.     
Алайда, «Қаракеткен ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ғимаратында ілінген Мемлекеттік Елтаңбасына тәуліктің қараңғы мерзімінде жарық түспейтінідігі анықталды.
Бұдан бөлек, 08.01.2015 жылы тексеру барысында «Қаракеткен ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ғимараттарында ілінген Мемлекеттік Ту «Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнінің мәтінін орналастыру ережесінің» 6-тармағының талаптарына сәйкес келмейтіндігі (ту тұғырына ілінбеген) анықталды.
Осы тектес заң бұзушылықтар Бұқарбай батыр, Мақпалкөл және Жаңадария ауылдық округі әкімінің аппарат ғимараттарында орын алса, аудандық аумақтық инспекция ғимаратында орналастырылған мемлекеттік рәміз Мемлекеттік Тудың жыртылып, ұлттық стандартқа сәйкес келмейтіндігі, ал Мырзабай ахун ауылдық округі әкімінің аппараты ғимаратында Мемлекеттік Елтаңбаның мүлдем орналастырылмағаны анықталды.
Жалпы тексеру нәтижесі көрсетіп отырғандай, аталған заңдылықты бұзушылық фактілерінің орын алуына жергілікті атқарушы органдардың және мекеме басшыларының заң талаптарына немқұрайлы қарауынан және конституциялық заңнама нормаларын білмеуі салдарынан  осындай заң бұзушылықтарға жол берілген.
Осыған орай, аудандық прокуратурамен аудан әкіміне ұсыныс енгізіліп, нәтижесімен Бұқарбай батыр, Мақпалкөл, Жаңадария және Қаракеткен ауыл округі әкімдері тәртіптік жауаптылықтарға тартылды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: