Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

«АруАна» сүт цехы өндірісін аясын кеңейтеді

Ермаханов Сабыр Дүйсенбекұлы 2002 жылдан бастап жеке кәсіпкер. Әу баста әртүрлі салада бағын сынап көрді. Құрылыс материалдарын сату саласында жақсы жетістіктерге жетті. Қазір Қызылорда облысы Шиелі ауданында құрылыс материалдарын сататын сауда үйі бар. Бұл іспен 10 жылдан астам уақыт бойы айналысқан ол өзінің байырғы арманы – түйе мен басқа да төрт түлік малдың сүтін өңдейтін цех ашуды жүзеге асыруға бел буды.
Істі бастаған кезде бірталай адам кәсіпкердің осы салада табысқа жететініне күмән келтірді. Бірақ Сабыр Дүйсенбекұлының табандылығының арқасында 2016 жылы «АруАна» сүт цехы ашылды. Қазір Қазақстандағы ең майлы шұбат өндіретін цех ретінде танымал. Кәсіпорын технологы Баян Дүйсенбекова – Сабыр Дүйсенбекұлының қызы. Баян Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-де осы мамандық бойынша жоғары білім алған. Мұнда шұбаттан басқа йогурт, балмұздақ, сүт, брынза, құрт және басқа да пробиотик өнімдер шығарылады. Олар ағзаның ас қорыту нормасын сақтауға көмектеседі, инфекцияның дамуына жол бермейді және көптеген аурулардың алдын алады. Бірінші жетістіктен кейін цехты кеңейту, атап айтқанда, қосымша жабдықтар сатып алу қажеттілігі туындады. Сондай-ақ, бизнестегі операциялық шығындарды азайту үшін құрылыс дүкеніне материал тасымалдайтын көлік сатып алу қажет болды.
Сабыр Дүйсенбекұлы 2019 жылы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қорының Қызылорда облысы бойынша аймақтық филиалына жеңіл несие алу бойынша ақпарат алуға келді. Қажетті құжаттарды жинағаннан кейін кәсіпкер 2019 жылдың жазында «Қазақстан Халық банкі» АҚ арқылы сүт цехының жабдықтары мен құрылыс дүкені үшін көлік сатып алу үшін несие алды. «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында сыйақы мөлшерлемесінің 7%-ы субсидияланды. Сондай-ақ, кепілдік жеткіліксіздігіне байланысты «Даму» Қоры кепіл болды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: