Елдің іші емес пе? Кейде өзіміздің іс-әрекетімізге немқұрайлы қарап, айналамызды ластап жататынымыз жасырын емес. Қазіргі таңда мұндай кемшіліктерге жол берген адамдарға қатаң талап қойылған.
Құқық бұзушы Г. шемішке шағып, осындай әрекетке барған. Оның қалдығын жерге тастап, ортақ пайдалану орнын ластаған.
Қызылорда калалық мамандандырылған әкімшілік сотының баспа сөз қызметінің хабарлауынша, сотта құқық бұзушы Г. өз кінәсін толығымен мойындап, өкінетінін айтты. Құқық бұзушы Г. ҚР ӘҚБтК-нің 330-бабының 1-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 3 /үш/ айлық есептік көрсеткіш көлемінде 5556 (бес мың бес жүз елу алты) теңге айыппұл салынды.