Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Полиция департаментіне жеткізілген ер адам 4-қабаттан секіріп кетті

Соңғы кезде басы дауға іліккен Шымкенттік полиция департаментінде тағы бір оқиға орын алды. Бұл жолы күдікті ер адам ғимараттың жоғарғы қабаттарының бірінен секіріп кетті, деп жазды turkystan.kz.


Бұл туралы ақпаратты «Telegram» желісіндегі «Kozachkov» каналы жариялады.
«Бүгін (18 желтоқсан: автор) Шымкент қаласы Полиция департаменті ғимаратының 4-қабатынан тағы бір күдікті секіріп кетті. 1987 жылы дүниеге келген ол бұған дейін «алаяқтық» бабы бойынша іздеуде болған. Ер адам аман қалған, қазір қалалық №1 клиникалық ауруханада жатыр» деп жазды автор.
Әзірше департамент өкілдері бұл оқиғаға қатысты ешқандай хабарлама жасаған жоқ.
Еске сала кетсек, 8 желтоқсанда дәл осы ғимаратта 31 жастағы Нұрболат Жұмабаев көз жұмған болатын. Шымкенттік тәртіп сақшыларының айтуынша, қостанайлық жігіт тергеу кезінде қаза тапқан.


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: