Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордалық тұрғындар Ленин ескерткішіне лайықты орын бөлуді талап етті

Қызылордалық тұрғындар Ленин ескерткішіне лайықты орын бөлуді талап етті"Күн көсем” нағыз орнын Қызылордада тапты. "Лениннің” дәретхана күзетіп тұрғанына қапалы жергілікті ақсақалдар ескерткішке лайықты орын бөлуді талап етті деп хабарлады КТК арнасы.
Бір заманда Ленин күллі қазақты зар еңіреткенін ұмытқан ба, жергілікті ақсақалдар Ильичке араша түсті.
Ескерткішке күнделікті көз үйренген бүгінгінің белсенділері тас мүсінді іздеп, ақыры теміржол саябағынан тауып алған. Кезінде күллі Кеңес халқына жөн сілтеген "көсем” қазір дәретханаға жол сілтеп тұр.
Көнені көксеушілер Лениннің қазіргі тұрысын жүрегіне ауыр алса керек, дереу қала басшылығынан ескерткішке лайықты орын бөлуді талап етіпті.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: