Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҰБТ-да Аралдың орташа баллы – 81,47 болды

ҰБТ-да Аралдың орташа баллы – 81,47 болдыАрал ауданының орталық алаңында 2015 жылғы оқу жылының үздік түлектеріне «Алтын белгі» тапсырудың салтанатты рәсімі болып өтті. Ауданда биылғы оқу жылында 694 түлектің 413-і ҰБТ-ге қатысқан. Олардың 9-ы «Алтын белгі» иегері атанып, білім сынынан сүрінбей өтсе, 4-уі «Үздік аттестат» иегерлері атанды. 
Білім додасына түскен шәкірттер арасынан 65 түлек 100-ден жоғары балл жинады. Осыған сәйкес, ауданымыздағы орташа балл – 81,47 балды құрап отыр. 
Бүгінгі салтанатты рәсімге аудан әкімі Абзал Мұхимов қатысып, алтын ұя мектептен түлеп ұшқан өрендерді қуаныштарымен құттықтады. Аудан әкімі үздіктер сапындағы түлектерге естелік сыйлықтар табыстап, ақ жол тіледі.
 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: